Ресей экономикасына өлтіре соққы беріледі
Ресей экономикасына өлтіре соққы беріледі
6 жыл бұрын 4777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әдетте Ресей Федерациясы билігі Қырым түбегін басып алғаны үшін батыс елдері үсті-үстіне салған санкцияға сыр білдірмей, "бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтардың" керін келтіріп келген болса осы уақытқа дейін, ендігі жерде бұлай істеуге шамасы келмей қалады Кезекті санкция туралы Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың  жасаған мәлімдемесі Ресей билігінің шамына тиді. Егер бұл жолы санкция елдің жетекші мемлекеттік банктеріне салынатын болса, олардың доллармен жасаған транзакциясы бұғатталады. Тарқатып айтқанда, осы айда Сенатта қарастырылып жатқан жаңа заң жобасы қабылданар болса, мұның арты "экономикалық соғысқа" ұласатынын мәлімдеп, жауап қатты РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев. Өткен аптаның жұма күнінде. 2014 жылы (Қырымды басып алған жылы) АҚШ пен Еуропалық одақ Ресейдің ғаламдық қаржы нарығына шығар жолды шектеген болатын. Осы жолғы санкцияның салдары мен зардаптары ауыр болатынын айтады сарапшылары. Аталмыш санкцияның алғашқы траншы тамыз айының 22-сі күні күшіне енеді. Осыған байланысты Ресей "АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді" деген белгі соғылған тауарлардың көбісін сатып ала алмайтын болады. Бұдан бөлек, бұл тыйым газ құбыры қозғалтқышына да, өзге де маңызды құрал-жабдықтарға да қатысты. Бұл жолы Ресей экономикасы аталмыш санкцияданжүздеген млн доллар шығын көретін болады. Десе де Ресейге 90 күн ішінде болашақта химиялық қаруды қолданбайтыны жөнінде кепілдік беруге мұрсат беріліп отыр. Егер Ресей билігі бұл талапты орындаудан бас тартса, АҚШ санкцияның екінші кезеңін енгізеді. Яғни, Ресей банктерімен жан-жақты ынтымақтастыққа қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, Ресейдің импорты мен экспортына шектеулер енгізіледі. Бұдан бөлек, Авиация саласында шектеу енгізіледі.  

0 пікір
Мұрағат