Раввиннің әйелдерді дәрет алу кезінде қараған ұрлығы әшкере болды
Раввиннің әйелдерді дәрет алу кезінде қараған ұрлығы әшкере болды
2 жыл бұрын 961

Әйелдерді дәрет алу кезінде бақылағаны үшін Вашингтон қаласындағы синагог раввинінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Артынан полиция анықтағандай, Барри Френдель есімді 60 жастағы раввин дәрет алатын бөлмеге видеокамера орнатқан: кәдімгі сағатқа жасырған камера арқылы жартылай және толық жалаңаштанған әйелдерді бақылағанын бұлтартпай дәлелдейтін таспалар табылған. Үйінен. Бұл жайында Би-би-си ақпарат көзі хабар таратты. Барри Френдель өткен жылы, яғни, 2014 жылдың қазан айында тұтқындалды. АҚШ астанасының ең көрікті әрі ең бақуатты  Джорджтаун ауданында орналасқан Кешер Исраэль синагогында табан аудармай ширек ғасыр, яғни, 25 жыл жұмыс істеген ол жергілікті саяси ортада танымал тұлғалардың бірі. Оған қатысты сот үкімі үстіміздегі жылдың мамыр айында шығады. Прокурор оны абақтыға жауып, бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр. 

0 пікір