Рамазанда денсаулығына немқұрайды қарайтындар да жазасыз қалмайды
Рамазанда денсаулығына немқұрайды қарайтындар да жазасыз қалмайды
7 жыл бұрын 3353 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Маусым айының 10-ы күнінен бастап, Сауд Арабиясында темекі өнімдері, энергетикалық сусындар және газдалған сусын түрлерінің бағасы күрт көтерілетін болды. Бұған Саудия билігінің денсаулыққа зиянды аталған тауар түрлеріне, нақтырақ айтқанда, темекі өнімдері мен энергетикалық сусындарға 100 пайыздық акцизді енгізетіні себеп болмақ. Тек газдалған сусындарға ғана 50 пайыздық акциз енгізіледі. Бұл жайында Arabian Business ақпарат көзі хабар таратты. Араб елдерінен тек Саудия ғана емес, сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктері де көп ұзамай аталған тауар түрлеріне акцизді көтеруді жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттердің басшылары қосымша құн салығын бірігіп енгізу туралы келісімге келген еді.

0 пікір
Мұрағат