Қызыл кітапқа енген Қызыл ағаш Қытай асып жатыр
Қызыл кітапқа енген Қызыл ағаш Қытай асып жатыр
3 ай бұрын 1862 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ганада алты млн-ға тарта қызыл ағаш (палисандра) оталған. 2012 жылдан бері. Отауға, шабуға, тасымалдауға, пайдалануға қатаң тыйым салынғанына қарамастан Қытайға заңсыз экспортталып жатыр. Бұл жайында ВВС Africa ақпарат көзі «Экологиялық тергеу агенттігінің» (EIA) баяндамасында келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Табиғатта сирек кездесетін бұл ағашты өсіру үшін табаны күректей 100-200 жыл кетеді. Негізінен жиһаз жасауда пайдаланылады. Жиһаз болғанда да қытайдың империялық стиліндегі жиһаз үшін таптырмайтын материал. Қызыл ағаштың заңсыз тасымалдануына ең алдымен жемқор ганалық мемлекеттік қызметкерлер кінәлі. Африка құрлығының батысында орын тепкен мемлекеттер мен Гана осылайша қытай тарапынан қызыл ағашқы деген шексіз сұраныстың және елдегі жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың құрбаны болуда. «2012 жылдан бері 540 000 тоннадан аса қызыл ағаш заңсыз оталып, Ганадан Қытайға импортталған»,- деп айтылған баяндамада. Бұл өз кезегінде Гананы шөл мемлекетке айналдыратын қауіпті экспорт. Биіктігі 25 метрге дейін жететін қызыл ағаш, сондай-ақ, Пәкістан, Шри-Ланка аумағында ғана өседі.

ÑÑÐ°Ð¼Ð¿Ñ Ð¸Ð· палиÑандÑового деÑева Ð´Ð»Ñ Ð²Ð°Ð»ÑниÑ

палиÑандÑовое деÑево ÑвойÑÑва

0 пікір
Мұрағат