Қызтеке имам!
Қызтеке имам!
2 жыл бұрын 3381

Франция мешіттерінің бірінде мұсылман жамағатына дәстүрлі төсек қатынасынан бас тартқан қызтеке уағыз айтып жүр. Алжир тумасы Людовик Мұхаммед Заһид бала шағынан Францияда тұрып келеді. Ол он екі жасында мешітке келуді әдетке айналдырады. Сөйтіп жүріп жергілікті сәләфилердің жетегінде кетеді. Онымен қоймай есірткі қабылдап, ВИЧ жұқтырған екен. 30 жасында Франциядағы мұсылмандар арасында қызтекелер мен еркекшоралар (гейлер мен лесбиянкалар) клубын құрады. Мұнымен ғана шектелмей, қызтекелерге арналған мешіт ашып, өзін имаммын деп жариялайды. Осыған ұқсас сорақылық шведтердің астанасы – Стокгольм қаласында жалғасын тауып, қызтеке «имам» Сахар Муслих және Марьям Иранфар есімді тегі ирандық екі лесбияндықтың некесін қияды. Тіпті, батасын беріп: «Осынау ғажайып некеге аса разымын, өйткені, бақытты жұптарға бата беру мүмкіндігі маған тиді», – деп «ағынан» ақтарылғанын қайтерсің.

4 пікір