Қытайлықтар дінін жеміс арқылы насихаттауға кіріскендей (ФОТО)
Қытайлықтар дінін жеміс арқылы насихаттауға кіріскендей (ФОТО)
10 жыл бұрын 5143

Қытайлықтар өздерінің діни наным-сенімдерін енді жеміс арқылы насихаттауға кіріскен секілді. Осыдан екі жыл бұрын қытайлық кәсіпкер Хао Сяньчжан өзінің бау-бақшасындағы алмұрттарды Будда пішінінде өсіріп шығаруды ойлайды. Бастапқыда өнімін сатып алушылар оған сенбейді. Себебі, жемісті қандай да бір пішінде өсіріп шығару оларға мүмкін еместей көрінген болатын. Бірақ, Хао өз дегеніне жетеді. Алмұрттарын Будда пішінінде өсіре бастайды. Ол үшін алмұрттарға енді өсе бастағанда Будданың мүсініндегі арнайы қалыптарды кигізіп қояды. Жеміс сол қалыпқа икемделіп өседі. Несін айтасыз, бұл өнімдерін ол Еуропа елдеріне де экспорттауды көздеп отыр. Ертеңгі күні бұл "будда-алмұрттар" шекара асып елімізге келіп жатса да таңғалмаймыз. Егер солай болып, балаларымыз "будда-алмұрт" алып бер" деп жер тепкілеп жатып алса қайтеміз? Оларға Будданы кім деп түсіндіреміз?..

0 пікір
Мұрағат