Қытайландыру саясаты Арабстанға да келді ме: Саудияда үшінші тіл – қытай тілі...
Қытайландыру саясаты Арабстанға да келді ме: Саудияда үшінші тіл – қытай тілі...
4 жыл бұрын 2184 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның мектептері мен жоғарғы оқу орындарында қытай тілі оқытылады. Қытай тілі аталған елде маңызы жағынан араб және  ағылшын тілдерінен кейін орында тұратын болады. Саудия билігі мұндай қадамға екі ел арасындағы ынтымақтастықты нақты іспен көрсету үшін барып отыр. Өйткені, Қытай мен Саудия арасындағы өзара экономикалық байланысты былай қойғанда Саудия жерінде тақ мұрагерінің пәрменімен жүргізіліп жатқан экономиканы әртараптандыруға бағытталған Saudi Vision 2030 стратегиялық реформасын жүзеге асыруда Қытайдың көмегіне жүгінбек. Өткен жылдың, яғни, 2019 жылдың қорытындысы әлі шыға қойған жоқ, десе де 2018 жылы аталған екі ел арасындағы тауар айналымы 201 млрд долларға жеткен болатын. Оның үстіне, қытай тілін оқыту бағдарламасының бір бөлігін қытай тарапы қаржыландырады. Бұл шара саудиялықтарға өз кезегінде 50 мыңдай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат