Қытайдың құпия стратегиясы әшкере болды
Қытайдың құпия стратегиясы әшкере болды
6 жыл бұрын 7394 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай әскерилері осыдан 2500 жыл бұрын көрнекті қолбасшы Сунь Цзы сипаттап, жазып-сызып кеткен стратегияны меңгеруге кірісті. Аталмыг стратегияның мәні «майданға қатыспай-ақ соғыста ұтып шығу» ұраны жатыр. Бұл жайында америкалық National Interest басылымы RAND Corporation зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.  Баяндама авторы жазғандай, Қытай АҚШ-пен қақтығыса қалған жағдайда АҚШ-тың әскерилері жоғарғы технологиялы қару түрлерін құрлықта да, теңізде де және әуеде де қолдана алмайтындай жағдайға жеткізуі тиіс. Ол үшін америкалық мәліметтерді өңдейтін және бұйрықты жеткізу жүйесін істен шығару керек. Нәтижесінде авиация, армия және флот хаосқа ұрынып,  жетістікке жете алмай қалады. Қытай әскеі осылайша қарсыласын майданнан ығыстырып, дәрменсіз күйге түсіруді көздейді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл тактиканы америкалықтар 1991 жылы Ирактағы әскери операция кезінде қолданған болатын. Енді мұндай қитұрқы тәсілге Қытай әскерилері де көшпек. Тағы бір айта кететіні, Қытайдың қазіргі экономикалық тұрғыдан күшеюі бұл елдің сыртқы саясатта жонын күдірейтіп, өзімен бәсекелес державаларға тіс-тырнағын көрсетіп жүр. Ресурстарды бөлісуде араны ашылып, жыртқыштық сипат алып барады, АҚШ бастаған державаларды алаңдатып отыр. Қытай қайткен күнде де әлемнің ең алдығы қатарлы жетекші еліне айналуға күш салып жатыр. Басқаша тәсілмен. Қаңтар айының соңында белгілі болғандай әрі осыдан бірнеше күн бұрын хабарлағанымыздай, Қытай әскеріне жасанды интеллекті мен кванттық технологияның майын ішіп, жілігін шаққан майталман мамандардың 120-сын маңдайынан шертіп жүріп, іріктеп алған еді.

0 пікір
Мұрағат