Қытайдағы ұйғырларға арналған концлагердегі жаға ұстатарлық көрініс (видео)
Қытайдағы ұйғырларға арналған концлагердегі жаға ұстатарлық көрініс (видео)
5 жыл бұрын 8633 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай аумағында дронның көмегімен қыркүйек айында таспаға тартылып қалған видеодағы көріністен Қытай билігінің азшылықты құрайтын ұйғырларға қатысты екіүзді саясат ұстанып отырғанын күллі әлемге әйгілеп берді. Көздері байланған әрі қолдары артына қайырылған ұйғырлардың басындағы мүшкіл жағдайдан хабар беріп тұр. Нағыз концлагерде жаппай қытайландыру саясатының құрбаны болған ұйғырларға әзірге әлем қауымдастығы қолұшын созып, ара түсе алмай отыр. Бұл жайында golosislama.com ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат