Қытайда баласын арқанмен сүйреген азамат көпшіліктің жағасын ұстатты (видео)
Қытайда баласын арқанмен сүйреген азамат көпшіліктің жағасын ұстатты (видео)
9 жыл бұрын 5714

Қытайда баласына жәбір көрсетіп, полицияның көзінше арқанмен сүйреген ер кісіні куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Бұл жайында nur.kz порталы tvzvezda.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Жергілікті полиция азаматты бұл ісі үшін жауапқа тартпайтын болды.

Қытайдың Чжэцзян провинциясында орын алған жантүршігерлік жағдайдың видеосы интернетке жүктелгеннен кейін, қызу пікірталас тудырды. Лански қаласында өз баласының мойнына арқан іліп, ит секілді көліктен сүйреп шығарған азаматтың қылығы көпшіліктің ашуын келтірді.

8 жасар бүлдіршін аяғынан шалынып, жылап жатқанына қарамастан әкесі үйіне сүйреп кіргізген.

Кішкентайды терезеден көріп қалған көршілері полиция шақыртқан. Алайда полиция азаматтың ісі қылмысқа жатпайды деп тапқан.

«Бұл әке мен бала арасында болатын қалыпты қарым-қатынас. Ол өз баласын осылайша тәрбиелемек болған”, – деп түсіндірді құқық қорғаушылар.

 

Қытайда қарттар үйіндегі өрттен 38 адам мерт болды

Қытай билігі бүгін елдің орталығындағы Пиндиншань қаласында қарттар үйі өртеніп, 38 адам қаза тапқанын және алты адам жараланғанын хабарлады.

Ресми Xinhua агенттігінің хабарлауынша, өрт жекеменшік көп қабатты қарттар үйінде шыққан. Қазір өрт болған жерде іздеу және құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің неден шыққаны белгісіз.

Қауіпсіздік талаптары аса сақтала бермейтін Қытайда өндірістік төтенше оқиғалар мен өрт жиі болады.

Ақпан айында Хуэйдун қаласында сауда үйінен өрт шығып, 17 адам қаза тапқан. Ал 2013 жылы елдің солтүстік-шығысында құс фабрикасында шыққан өрттен 119 адам мерт болған.

0 пікір
Мұрағат