Қытайда бала тууға қатысты шектеу алынып тасталуы мүмкін
Қытайда бала тууға қатысты шектеу алынып тасталуы мүмкін
5 жыл бұрын 2289 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл қытайлық халық өкілдері жиналысының делегаттары ел билігінен отбасын жоспарлау ережесін қайта қарастыруды, тіпті, бұл ереженің күшін жоюды талап етті. Бұған елдегі туу көрсеткішінің төмендеуі мен жұмысшы күшінің жетіспеушілігі себеп болып отыр. Сондай-ақ, олар жүктілік бойынша және балалы әйелдерге жәрдемақыны өсіруді, оларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсартуды ұсынды. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, көп балалы отбасыларға салықтық жеңілдіктер қарастырып, тегін білім алуына жағдай жасауға шақырды. Қытай билігі туу көрсеткішін бақылауын доғармаса, елде демографиялық ахуал нашарлайды. Естеріңізге сала кетсек, бұрын да бір хабарлағанымыздай, өткен жылы Қытайда бала туукөрсеткіші соңғы 60 жыл ішінде ең төменгі деңгейге жеткен болатын. Әр отбасына екі баладан өсіруге рұқсат берсе де. 2018 жылы Қытайда 15,23 млн бала туды, бұл көрсеткіш 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе төмен. Яғни, бала туу деңгейі 10,94 шақалақты құраған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 12,43 шақалақты құраған еді. Қытайдың қоғамдық ғылым академиясы ескерткендей, ел тұрғындарының саны 2027 жылдан бастап кеми бастауы мүмкін, егер қазіргі туу коэффициенті осылай қалып қалатын болса (орташа есеппен алғанда бір әйелге 1,6 баладан айналады). 2017 жылы 1,39 млрд адамды құраған ел тұрғыны 2065 жылы 1,172 млрд-қа дейін азайуы мүмкін. 1970-шы жылдардың соңында демографиялық шектеу шарасы, дәлірегі, бір отбасыға бір бала саясаты бүгінгі таңда кері нәтижесін бере бастады: Қытайда жұмысшы күші жетіспейді, бұған қоса, ерлерге қарағанда әйелдер қарасы 30 млн-ға кем. 2016 жылы Қытай билігі бір отбасына екі бала тууға рұқсат еткен еді.

0 пікір
Мұрағат