Қытайда 30 адамнан құс тұмауы байқалды
|
Қытайдың Гуандун провинциясында 30 адамның бойынан H7N9 құс тұмауы анықталды. Дәрігерлер аталмыш індеттің таралуынан қауіптеніп отыр. Бұл жайында "Вести.Ru" ақпарат көзі хабар таратты. Бұл тұмаудан бір адам – 48 жастағы пациент қаза тапты. Қытайда жаңа жыл мейрамы ақпан айының 19-ы күні аталып өтетіндіктен, індеттің таралу қаупі ұлғая түседі. Бұл күні қытайлар құс етінен жасалған тағамдарды жиі пайдаланады. Айта кетейік, Гуандунда құс етін сатуға тыйым салынды. Сақтық үшін. Ауру анықталған аудандарда құстарды жаппай жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қытайда құс тұмауы алғаш рет 2013 жылы пайда болған еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды