Қытай ұшқышсыз ұшақтарды жоятын лазерді сынақтан өткізді
Қытай ұшқышсыз ұшақтарды жоятын лазерді сынақтан өткізді
2 жыл бұрын 871

Қытай инженерлері аса қашық емес биіктіктен ұшқышсыз жеңіл ұшақтарды жоятын лазер қондырғысын ойлап тапты. Бұл құрылғы шамамен 2 шақырым диапозонда жұмыс істейді әрі байқалған ұшқышсыз ұшақты 5 секундтың ішінде жоя алады. Бұл жайында қытайлардың әлемге әйгілі «Синьхуа» ақапарат алпауыты Қытайдың инженерлік физика академиясына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Қытайлар бұл жүйені қала ішінде өтетін бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және лицензияланбаған картографиялық қызметпен байланысты мәселелерді шешу үшін пайдаланады. Құрылғының тиімділігі сонда, 500-ден аспайтын биіктікте секундына 50 метр жылдамдыққа дейін қозғалатын нысананы қалт жібермейді. Хабарға қарағанда, ұшқышсыз ұшатын аппараттар әдетте қымбат тұрмайтындықтан террористер оны өздерінің арам мақсаттарына пайдалануы әбден мүмкін. Әдетте мұндай аппараттардың көзін жою міндеті мергендер мен тікұшақтарға жүктеледі. Егер олар мүлт кетсе, онда оның арты қандай қасіретке апарып соқтыратынын өздеріңіз елестетіп көріңіздер. Міне, осындай қауіп-қатердің алдын алу үшін осындай жоба жүзеге асырылды. Бұл қондырғыны автокөлікке де орналастыруға болады. Жуырда сынақтан өткен аталмыш құрылғы 30-дан аса ұшқышсыз ұшақтың көзін жойды. Қазіргі уақытта академия мамандары бұл жүйені әлі жетілдіру үстінде. Межеленген қашықтан нысананы жою мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 

0 пікір