Қытай өлім жазасына кесілген тұтқындардың ағзаларын пайдалануды тоқтатады
Қытай өлім жазасына кесілген тұтқындардың ағзаларын пайдалануды тоқтатады
2 жыл бұрын 1221

Қытай билігі 2015 жылдың қаңтар айының 1-і күнінен бастап өлім жазасына кесілген тұтқындардың ағзаларын медициналық мақсатта пайдалануды тоқтататынын мәлімдеді.

Бұл жайында Baq.kz хабар таратты. Пекин осыдан екі жыл бұрын осынау әрекетке тоқтау саламыз деп уәде берген болатын. Алайда, оның нақты уақыты тек бүгін айтылып отыр.

Бұған дейін адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қытай билігін айыптап, бірнеше рет мәлімдеме жасаған еді. Олар ел билігі сотталғандардың немесе олардың туыстарының рұқсатынсыз дене мүшелерін алуға құқығы жоқ деп дабыл қаққан еді.

0 пікір