Қытай мен Жапония қатынасы ушығып тұр
Қытай мен Жапония қатынасы ушығып тұр
2 жыл бұрын 1255

Қытайлардың Chongqing Youth Daily газеті Жапонияның картасын жариялап, атом бомбасы тасталған Хиросима мен Нагасаки қалаларын «ядролық саңырауқұлақ» етіп бейнелеген әрі «Жапония соғысты қалайды» деп жазған. Қытай апталығы анық арандатуға бастайтын мұндай қадамға не үшін барды? Шығыстағы аса ірі екі державаның қатынасы 2012 жылдың қыркүйек айының 11-і күні Күншығыс елінің билігі қожайыны жапон ұлтынан болып табылатын азаматтан Сенкаку (Дяоюйдао) архипелагындағы бес аралдың үшеуін сатып алғаннан кейін ушыққан болатын. Қытайлар бұл аралдарды «өз жеріміз», деп есептейді. Бұған қатысты екі елдің арасындағы талас-тартыс 1970-ші жылдары басталған болатын. Жапондар аталмыш аралдарға 1895 жылдан бері иелік етіп келгенін және осы уақытқа дейін аралдардың иесіз жатқанын алға тартса, қытайлар жағы жапондар көлденең тартқан уақыттан 600 жыл бұрын ие болғандығын айтып отыр. 1783 және 1785 жылдары жапон картасында бұл аралдардың Қытай империясының жері ретінде белгіленгенін айғақ ретінде келтірген.

0 пікір