Қытай мен АҚШ сауда соғысынан бас тартты
Қытай мен АҚШ сауда соғысынан бас тартты
6 жыл бұрын 3168

Қытай мен АҚШ сауда мен экономика мәселелері бойынша келісімге келіп, сауда соғысын бастамауға бір-біріне уәде етті. Бұл жөнінде Вашингтонға сапары барысында Мемлекеттік кеңестің вице-премьері Лю Хэ мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап. 

Лю АҚШ үкіметінің шақыруы бойынша консультациялар жүргізу үшін Америка астанасына сейсенбі күні келген болатын.

Келіссөздер қорытындысы бойынша вице-премьер тараптар бір-біріне қатысты бөгеуші тарифтер енгізуді доғару туралы келісіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жоғары технологиялық өнім және қаражат сынды салаларда сауда ынтымақтастығын нығайту туралы мәмілеге келгенін атап өтті.

«Мұндай ынтымақтастықтың сәтті болатыны сөзсіз, себебі ол Қытай экономикасының сапалы дамуына ықпал етуі, адамдардың сұраныстарын қанағаттандыруы және АҚШ-тың сауда теңгерімінің жетіспеушілігін қысқарту жөніндегі саясатына көмектесуі мүмкін», - деген Лю Қытай тауарларды тек Құрама штаттардан емес, бүкіл әлем елдерінен сатып алуға дайын екенін айтты.

0 пікір
Мұрағат