Қытай факторы: өз аумағына сыймайтын кез жақындап келеді...
Қытай факторы: өз аумағына сыймайтын кез жақындап келеді...
11 күн бұрын 2831 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай әзірге барлық аспекті бойынша, соның ішінде, қаржылық-экономикалық, технологиялық жағына болсын, өзінің мемлекеттік деңгейінде қанағат тауып отырған ел. Бір кез келеді - өз шекарасы тарлық ете бастайтын... Геосаяси кеңістікте қайта қалыптасу дәуіріне аяқ басатын кезі алыс емес - бұған ұлттық мүддесі итермелейді. Қытай туралы, оның көл-көсір халқы жайында, экономикалық жетістігі жөнінде шындыққа жанасымдысы бар, рас-өтірігі белгісізі бар, алып-қашпа әңгіме көп. Десе де бір анығы, қазірдің өзінде қытай мүддесі алға шығатын аймақтар, атап айтқанда, Вьетнам, Бангладеш, Лаос, Таиланд және Индонезия, Малайзия, Филлипин, т.б. Қытайдың экономикалық, саяси ықпалы мен экспанциясына шырмалып жатыр. Тура мағынасында. Сондай-ақ, Қытайдан шалғай жатқан Африка құрлығындағы елдер де Қытай ықпалына ұшырауда. Қытайдың аталған елдердегі стратегиясы экономикалық және саяси ықпалы тұрғысынан үш бағытта жатыр:

біріншісі - төменгі шектегі өнеркәсіп секторының қайта форматталуы (киім-кешек, аяқ киім, ағаш өңдеу, т.б. арзан тауарлар) көрші елдердің нарығын жаулауда. 

Сәл шегініс: 2018 жылы қытайлардың орташа жалақы мөлшері 950 доллардан асып түскен әрі өнеркәсіп жұмысшылары үшін шамамен 800 долларды құраған еді. 2010 жылдан бастап, доллармен табыс табу екі есе артқан болатын, сонда бері 15 жыл ішінде 8 есеге өскен. Ал 1998 жылы жағдай қандай еді: өнеркәсіп жұмысшысының табысы 50 долларды құраған еді. Қазір бұл басқа елге айналған. Қазірдің өзінде қытайлардың орташа жалақы мөлшері Шығыс Еуропа елдерімен (Полша, Чехия) бірдей.

Соңғы 10 жыл ішінде Қытай өнеркәсіп инфрақұрылымы бойынша әлемде ең жетекші елге айналды. Бұл процесс бір мезгілде урбанизацияның қарқын алуымен қатар жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Қытай халқының шамамен 59%-ы қала тұрғындары. Ал осыдан 15 жыл бұрын ғана қалалықтар саны 39%-дан аспайтын еді. Осы 15 жыл ішінде ауылдық жерден қалаларға 200 млн-дай адам қоныс аударған. Әлбетте, нақты бір мамандығы мен біліктілігі жоқ ауылдық жерден келгендер арзан тауар өндіретін өндіріске тартылып, бүгінде экономиканың қуатты бір тармағын құрап отыр. 

Екіншіден - Африка құрлығына қыруар қаржы құйып отырғандықтан өзінің саяси әрі экономикалық ықпалын ұлғайтып келеді. Мәселен, Кенияны алайық: өткен жылы импорттың жартысы Қытайға тиесілі болған. осыдан 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш 12%-дан аспайтын еді. Ал Нигерия ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін қазіргі уақытта тауарлардың 47%-ын Қытайдан тасымалдайды. Он жыл бұрын 22 пайыздан аспайтын бұл көрсеткіш. Мысырға келсек, импорттың төрттен бірі қытай тауарлары, он жыл бұрын - 15%. Алжирдің импортының үштен бірін қытай тауарлары құрайды, он жыл бұрын 15 пайыздан аспаған еді. 

Бұл өз кезегінде Батыспен қақтығысқа алып келеді. Өзінің мүддесін жүзеге асыратын ықпал ету аймағын кеңейту үшін. 

0 пікір
Мұрағат