Қытай дамуының жаңа "платформасы"
Қытай дамуының жаңа "платформасы"
5 жыл бұрын 3681 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2025 жылға қарай Қытай АҚШ-қа қарағанда мәліметтерді артығымен жинайтын болады, өйткені, бұл жаңа технологияның дамуына серпін бермек. Бұл жайында International Data Corporation зерттеу компаниясы мен мәліметтерді сақтауға арналған шешімдерге маманданған Seagate америкалық компаниясы мәлім етті. Қытайда жиналатын мәліметтер мөлшері жылына әлемдік орташа көрсеткіштен 3%-ға артық болмақ. Мәселен, өткен жылы аталған елде шамамен 7,6 зетабайт мәліметі жиналған, ал бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 48,6 ZB-қа жеткізуді көздеп отыр. (Зетабайт – триллион гигабайт). АҚШ-пен салыстырғанда өткен жылы америкалықтар 6,9ZB мәлімет жинауға қол жеткізген. Бұл көрсеткіш 2025 жылы 30,6ZB-қа жетуі тиіс. Мұның бәрін ерінбей неге тәпіштеп айтып отырмыз? Өйткені, осы заманғы адам ақпараттар валютаға, әлемдік экономика тірегіне айналған заманда өмір сүріп жатыр. "Мәліметтер цифрлы әлемнің жүрегі, біз бәріміз ақпараттық экономикаға беттеп барамыз",- деп жазыпты IDC сарапшылары өз есебінде. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, бұл жаңа нарықты зерделеу, игеру  әрі оған шығу үшін қажет. Осы орайда cарапшылар WeChat Pay және Alipay секілді төлем түрлерін ұсынып отырған қытайдың Tencent және Alibaba секілді қытайдың технологиялық алып компанияларын мысалға келтіруде. IDC сарапшыларының айтуынша, біз сөз еткен аталмыш компаниялар жылдар бойы пайдалану мәліметтерін жинаған - клиенттің көңілінен шығу мақсатында, яғни, клиенттің бабын табу, олардың қолайына жағу, тарту мақсатында персоналды қаржылық қызмет көрсету үшін. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жиналған мәліметтер мөлшері 33ZB-қа жетсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 175ZB-қа дейін артпақ. Мәліметтердің мұнша көп жиналуына интернетке қосылған құрылғылардан, ойын-сауық платформаларынан, метадеректен алынған мәліметтер сеп болған. Ақпараттарды жинап қоймай, оларды талдау, сараптау, өңдеу, т.б түрлі сатылары мен кезеңдері өз кезегінде әлем экономикасына көп көмегін тигізбек. Десе де пышақтың екі жүзі болатыны секілді бұл мәліметтер қалай және қандай мақсатта пайдаланылады деген сауал толғандырады. Мәселен, әлеуметтік желіден жиналған мәліметті жарнама берушілер аудиториясын кеңейту үшін пайдаланады. "Жеке басымыздың дерегі өзімізге қару болып кезенбесіне кіп кепілдік бере алады",- деп өз қаупін алға тартты Mozilla Foundation өкілі Айден Ферделайн. Айталық, әлеуметтік желі қолданушысының мысығы барын білетін жарнама беруші мысықтың азығын ұсынуы мүмкін, оның зияны шамалы, ал, өзінің сыртқы келбеті мен кейпіне немесе түр-тұлғасына көңілі толмайтындарға пластикалық ота немесе артық салмақтан арылтатын дәрі ұсынса, оның арты немен аяқталатынын болжау қиын. Денсаулығына зиянды болуы да мүмкін. Бір жағына, қажетті ақпаратты дер кезінде алып отыруға жармана көп көмектеседі. Сонысымен тиімді. Өкінішке қарай, мәліметтерді пайдалану тек жарнамамен шектеліп қалмайды ғой. Ал мәліметтер саяси мақсатта пайдалылса, оның салдары қандай болмақ? Нәсілшілдікті қоздыру, араздық тудыру, т.б. Бұдан бөлек, Қытай интегралды микросхем өндірісін жылына 15%-ға арттыруға бел буып отыр. Қытайдың микросхем нарығы өткен жылы 23,8 млрд долларға жетсе, 2023 жылы бұл көрсеткішті 47 млрд долларға көтеруді көздеп отыр. Бұл жайында IC Insights компаниясы мәлім етті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Қытай әлемде 2005 жылы интегралды микросхемді көп тұтынған халық. Алайда, микросхемаларды аталған ел аумағындағы шетелдік компаниялар жасайды. Жартылай өткізгіш өндірісі нарығын зерделеуге бағдарланған IC Insights сарапшылары келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы аталған ел аумағында 23,8 млрд доллардың микросхемасы жасалған. Бұл Қытай нарығындағы микросхема нарығының 15,3%-ын құраған. 2023 жылы қытайдың интегралды микросхема өндірушілері 20,5%-ға ішкі нарықтағы қажеттілікті қамтамасыз етпек.

0 пікір
Мұрағат