Қытай экономика алыбы болуға неге қадам жасамады?
Қытай экономика алыбы болуға неге қадам жасамады?
9 жыл бұрын 3170

INTERFAX.RU ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, Қытайға «әлемдік экономиканың алыбы» деген мәртебені таңбақ болған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бұл әрекетін қателікке жатқызды Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Мемлекеттік статистикалық басқармасының басшысы Ма Цзяньтан осы сәрсенбіде.

MarketWatch келтірген ХВҚ-ның Қытай экономикасына байланысты  мәліметтеріне сәйкес өткен жылы, яғни, сатып алу қабілеті 17,6 трлн долларды құраған, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш – 17,4 трлн доллар. Осылайша Қытай 1872 жылдан бері осы позицияны бермей келген АҚШ-ты артқа тастап, алдыға озған. Ма Цзяньтанның айтуынша, аталмыш қордың сарапшылары Қытайдың баға деңгейін жете бағаламаған, есесіне жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) асыра бағалаған. ҚХР-да жан басына шаққандағы көрсеткіш мәз емес, олай болатыны: бұл елде 200 млн адам кедей өмір сүреді. ХВҚ-ның өзіне танған мәртебесін ҚХР-дың мойындамауының астарында басқа себеп жатқанын айтады мамандар. Егер осынау мәртебеге ие болса, ҚХР халықаралық келісімдерде белігілі бір артықшылықтардан қағылатын көрінеді. Ол қандай артықшылықтар екенін ашып айтпады?

0 пікір
Мұрағат