Қытай екі күнде 50 млрд доллар жоғалтты. АҚШ-тың сауда соғысындағы осал тұсы неде
Қытай екі күнде 50 млрд доллар жоғалтты. АҚШ-тың сауда соғысындағы осал тұсы неде
6 жыл бұрын 7314 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың 200 млрд долларға бағаланған қытай тауарларына қосымша 10% баж салығын салатыны турасындағы маусымның 19-ы күні жасаған мәлімдемесі әлемге әйгілі Forbes тізіміндегі қытай байларының дәулетін күрт ортайтып кетті. Қытай да қарап қалмады: америкалық тауарларға баж салығын арттырып жатыр. АҚШ президентінің мәлімдемесінен кейін, яғни, маусым айының 20-21 күндері Қытай 351 миллиардердің жалпы байлығы Forbes тізімінде 1,155 трлн доллардан 1,105 трлн-ға дейін кеміген. Қытаймен арадағы АҚШ-тың сауда тапшылығын азайтуға бағытталған меморандумға маусымның 22-сі күні Дональд Трамп қолын қойды. АҚШ президентінің сөзіне қарағанда, Қытаймен арадағы сауда тапшылығы 540 млрд долларға жеткен. Сәуір айының 3-і күні АҚШ 1300 қытай тауарына 25 пайыз баж салығын салды. Солардың ішінде, дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар, автоқозғалтқыштар, робот техникасы, лампалар, т.б. бар. Қытай қарымта ретінде америкалық тауарлардың 106 позициясы бойынша салықты арттырды. Олардың арасында автокөліктер, мұнай-химия өнімдері, т.б. Шілде айында АҚШ тарапы қытай импортына тағы 200 млрд доллар салық салатынын жария етті әрі қытай тарапы қарымта әрекетке баратын болса, тағы 200 млрд доллар салық салатынын қатаң ескертті. Сарапшылардың айтуынша, екі алып державаның арасында жүріп жатқан бұл сауда соғысында Қытайдың ұту мүмкіндігі аз. Яғни, америкалық экспортқа қарсы тарифі шектеулі. Ал АҚШ-тың бұл сауда соғысындағындағы ең осал тұсы неде деген сауалға келсек, Қытайдағы америкалықтардың бизнесі зардап шегуі мүмкін. Алайда, өз аумағындағы америкалықтардың бизнесіне қытайлар зиян келтіретін әрекетке де бара қоймаюы ықтимал. Неге десеңіз, америкалықтардың бұл бизнесіне ең алдымен қытайлар мүдделі. Қытай экономикасының дамуына қажетті жоғары технологиялы компаниялар жабылса, ең алдымен қытайлардың өздері зардап шегеді. 

0 пікір
Мұрағат