Қытай билігі Синьцзян мұсылмандарына ораза ұстауына шектеу қойып отыр
Қытай билігі Синьцзян мұсылмандарына ораза ұстауына шектеу қойып отыр
10 жыл бұрын 3733

Қытай билігі елдің солтүстік-батысындағы Синьцзян провинциясында тұратын мұсылман ұйғырларға ораза ұстауға тыйым салды. Үкіметтік сайттардың бірінде мемлекеттік қызметкерлерге, мұғалімдерге және билік тізгінін ұстаған Қытай коммунистік партиясының мүшелеріне ораза ұстауға тыйым салынғаны айтылған. Ол ол ма, Жаосу уезінде жергілікті партия кадрлары ораза ұстамайтындары жөнінде қолхат берген көрінеді. Мұндай тыйым мектеп оқушылары мен студенттерге де қатысты. Бір қызығы, этникалық қытай мұсылмандары тұратын Нинся-Хуэйс ауданында мұндай тыйым салынбаған. Синьцзянде Рамазан айында ұйғырлардың ұлттық дербестікті ту етіп, бас көтеруінен қауіптенгендіктен осындай тыйым салынып отыр. 

0 пікір
Мұрағат