Қытай аумағында өткен жылы қанша млн гектар жерге ағаш отырғызылды
Қытай аумағында өткен жылы қанша млн гектар жерге ағаш отырғызылды
4 жыл бұрын 2058 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2019 жылы Қытай аумағында ел экологиясын қалпына келтіру әрі мемлекеттік жасылдандыру жобасы аясында 7,07 млн гектар жерге ағаш отырғызылған. Бұл жайында Қытай халықа республикасының ұлттық көгалдандыру комиссиясы наурыз айының 11-і күні мәлім етті. Аталмыш ауқамды жобаға қоғам қайраткерлерімен қатар өз еркімен атсалысқандар да болды. Бұл жоба бойынша іске қосылған Alipay мобилді төлем жүйесінің арнайы қосымшасы арқылы ұзын саны 500 млн-нан аса адам виртуалды ағаш отырғызуға қатысты. Аталмыш жоба велисопед немесе электромобил секілді экологияға зияны жоқ деп есептелетін көлік түрлерін мінгендердің виртуалды ағаш отырғызу қадамын  көтермелейді: егер қатысушы адам ынта танытып, ағашы өсетін болса, ұйымдастырушылар өз тарапынан нағыз ағаш отырғызады. Бұл жоба аясында ел аумағында барлығы 39 мың гектар жерге ағаш отырғызылған, 1,75 млн гектар аумақты алатын ауру орман-тоғайды қалпына келтірді әрі деградацияға ұшыраған 3,15 млн гектар аумақтағы орман-тоғайды оңалтты.

0 пікір
Мұрағат