Қырымда мұсылмандарға православ негіздерін мәжбүрлеп оқытуда
Қырымда мұсылмандарға православ негіздерін мәжбүрлеп оқытуда
2 жыл бұрын 622

Қырым түбегіндегі мұсылмандар мектеп қабырғасында балаларына православ негіздерін мәжбүрлеп оқытуға наразы. Дәлірегі, Қырым татарлары «Праволав мәдениетінің негіздері» пәнін балаларына оқытуға үзілді-кесілді қарсы. Аталған пән міндетті пән қатарына кірмесе де (ата-аналар қандай дінді оқытуды балаларына өздері таңдайды) заң бұзушылықтың орын алғанын алға тартып отыр. Нақтырақ айтқанда, Белогорскдегі №2-ші мектептің сабақ кестесіне аталған пән енгізілген. Баларының шоқынып кетуінен қауіптенген ата-аналардың айтуынша, мектеп әкімшілігінің бұл әрекеті балалардың басын қатырып, әлі дүниетанымы толық қалыптаса қоймаған оқушыларды дүбәраға айналдырады. «Айтарға сөзім жоқ. Белогорскі тұрғындарының отыз пайызын мұсылмандар құрайды»,- деді аты-жөнін жасырған ата-ана. Оның сөзіне қарағанда, мектеп қабырғасында басқаша діни білім алып, ал үйде ата-анасынан естігені өзге болса, бұл баланың ппсихикасына міндетті түрде әсер етпей қоймайды.

1 пікір
  • менің ойымша бұл пәндерді оқытпауға тырысу керек, бірақ егер алу мүмкін емес болса мұсылман балалар бұл сабақтан босатылу керек
    2 жыл бұрын