Қырғыздар ысырапшылдыққа қарсы майдан ашты
Қырғыздар ысырапшылдыққа қарсы майдан ашты
10 жыл бұрын 3685

Қырғызстанның Мұсылмандар діни басқармасының хабарлауынша, Ош қаласында шашылып-төгіліп той жасауға және өлік жөнелтуге тыйым салынатын болды.

Жуырда Алатаудың арғы жағындағы айыр қалпақты ағайындардың Ош қазылығының, қала әкімдігінің өкілдері мен халық қалаулылары бас қосып, жергілікті халықтың үйлену тойы болсын, өлік шығаруда болсын, шектен тыс ысырапшылдыққа жол беретін әдетіне тосқауыл қоюдың жолдарын қарастырды. Қарастырып қана қоймай, мұндай шаралар кезінде халықтың шашылмауын қадағалайтын арнайы комиссия құру ұсынысын ортаға тастады. Сондай-ақ, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігіне тоқталды. 

0 пікір
Мұрағат