Қырғыз автокөліктері қауіпті!
Қырғыз автокөліктері қауіпті!
10 жыл бұрын 4950 kabar.kg

Қырғызстанда радиация деңгейі бар 70-ке жуық қолданылған автокөлік тұрақтап тұр. Ол автокөліктер Жапониядан импортталып келсе де, оны қайтадан қайтару мүкін емес көрінеді. Алыпсатар қырғыз кәсіпкерлері бұл автокөліктерді елге әкелгеннен кейін барып қауіпті радиация тарататындығын білген. Бішкек қаласындағы аурулардың алдын алу Департаментінің директоры Толо Искаков бұл жағдайды былайша түсіндіреді: "Бұл автокөліктер Қытайға да, Жапонияға да қайтарылмайды. Себебі, олар бұл көліктерді қайтадан қабылдамайды. Сол себептен де бұларды осында қалдырып, одан ары не істеу керектігін ойластыруымыз қажет".

Қолданылған көліктерді импорттау бизнес көзі болып табылады. Әсіресе бұл Моңғолияда, Ресейдің шеткі облыстарында кең етек алған. 

0 пікір
Мұрағат