Құстарды лазермен қорғау жобасы қолға алынады
Құстарды лазермен қорғау жобасы қолға алынады
10 жыл бұрын 5435

Бүгінгі таңда құстарды қорғау үлкен әрі түйткілді мәселеге айналып отыр. Әсіресе, жоғалып бара жатқан сирек түрлерін. Браконьерлердің ашкөздігін былай қойғанда, құстардың токқа ұрынып, топ-тобымен қырылуы жиілеп кетті. Қанаттылар көп кездесетін жер шарының кей бөліктерінде, мәселен, Гавайи аралында жоғалып бара жатқан сирек кездесетін құстар да электр қуатын тасымалдайтын токқа ұрынып өлуі қалыпты жағдайға айналғандай. Ондай сирек кездесетін түрлерінің орнын толтыру мүмкін емес. Бұл мәселені шешу үшін Гавайи аралының мамандары осы заманғы технологияның көмегіне жүгінуді ұсынып отыр. Нақтырақ айтқанда, сәулелі лазерді қолданып көруді құп көріп отыр. Олардың бастамасымен электр тасымалдаушы желінің үстіңгі жағынан лазер қондырғыларын орнатқан. Ұшып келе жатқан құстар жоғары кернеулі желіге жақындағанда лазерлік сәуле оларды үркітіп жіберуге қауқарлы көрінеді. Бұған қоса, аталмыш қондырғы тек құстарды қорғауға ғана қауқарлы емес, сонымен қатар, қанаттыларды зерттеп жүрген ғалымдарға да көп көмегін тигізетін көрінеді. Яғни, құстардың қайда бет алғанын, олардың көші-қонын анықтауға мүмкіндік береді. Лазерлік сәуленің құстарға зиянды емесін айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат