«Құшақтау» тәжірибесі сәтті өтті (видео)
«Құшақтау» тәжірибесі сәтті өтті (видео)
9 жыл бұрын 3858

Нью-Йорк қаласындағы Кәрім Митуали есімді танымал мұсылман актері бүкіл әлем білетін Манхэттен көшесінде әлеуметтік тәжірибе жүргізді. Бұл жайында CBC ақпарат көзі хабар таратты. Ол қыстың көзі қырауда таңертеңгісін көшенің қақ ортасында көзін таңып тастап, жанына: «Мен мұсылманмын, мен сіздерге сенемін. Ал сіздер маған сенетін болсаңыздар, онда құшақтаңыздар»  деген жазуы бар  тақтайша қояды. Аталмыш тәжірибені жүргізудегі мақсат осынау алып қала тұрғындарының өзге дін өкіліне деген көзқарасын байқап көруге саятын. Ұзақ уақыт бойы актердің маңына ешкім жолай қойған жоқ. Күннің шыңылтыр суығына қарамастан тәжірибені жалғастырған актер орнынан тырп етіп қозғалған жоқ. Оның тұсынан өткен жүргіншілердің кейбіреуі, тіпті, оған көз қиығын да салған жоқ. Тек біршама уақыттан кейін оны құшағына қысып, өздерінің ықыласын білдіріп жатқандар болды. Кейбіреулері, тіпті, құлағына сыбырлап, лебіздерін білдірді. 

0 пікір
Мұрағат