Құшағы кең мұсылмандар ешкімді алаламады
Құшағы кең мұсылмандар ешкімді алаламады
10 жыл бұрын 2576

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының алғашқы жартысында орын алған Кашмирдегі сел апатынан сең соққан балықтай есеңгіреген наным-сенімі өзге тұрғындарға Сринагар мұсылмандары қолұшын созып, жойқын тасқынның салдарынан баспанасынан айырылып барар жер, басар тауы қалмаған индустарға мешітті паналуына рұқсат етті. Қыркүйек айының 7-і күні Джхулем өзені арнасынан асып, қаланың көп бөлігін су басып қалған болатын. Су ортасында қалған қонақ үйдегі наным-сенімі әр түрлі жиырма бес турист те мешітті паналады. Мұсылмандар тек оларды ғана емес, сонымен қатар, апатқа ұшыраған тұрғындарды құтқаруға келген әскерилерді де тамақтандырды. Индус Чейн Сингх әйелімен және үш баласымен шелектеп құйған жауын астында лашығының опырылып қалғанын көріп, мешітке бет алған. «Мешітке кіргенімде имам бізге тағам ұсынды»,- деп алғысын білдірді.

0 пікір
Мұрағат