Құрбандыққа шалынған қыз
Құрбандыққа шалынған қыз
10 жыл бұрын 5614

Австралия елінің тұрғыны Сюзанна Бёрч ширек ғасыр бұрын  жалған нанымға шырмалған туған анасының өзін қалай құрбандыққа шалғаны туралы БАҚ өкілдеріне тәппіштеп айтып берді.

Оқиға 1989 жылдың қаңтар айында, Квинсленд қаласында орын алған екен. Сюзанна болса «Жетінші күннің адвентистері» деп аталатын соқыр сенімнің жетегінде жүрген ерлі-зайыптылардың жар дегенде жалғыз қызы болатын. Әкесі жұмысқа кеткеннен кейін анасы қызын шешіндіріп, еденге жатқызып, кеңірдегінен орып жібереді. Содан соң қаны ағып бітуін күтеді. Артынан анасы мойындағандай, әлдебір дауыс оған қыздың денесін қызып тұрған пешке салуын әмір еткен көрінеді.

Өзінің не істегенін кеш түсінген келіншек бірден полицияға қоңырау шалады. Қансырап жатқан қыз дереу ауруханаға жеткізіледі.
Қыздың суішерлігі таусылмаған екен – аман қалады. Уақыт өте келе сөйлеу қабілеті де оралып, тіл қатуға жарайды. Қазір жасы 27-де, тұрмысқа шыққан, перзент сүйіп, өзі де ана атанып отыр.

1 пікір
Мұрағат