Құрбан айттың құрметіне 700-ге тарта тұтқынға рақымшылық жасалады
Құрбан айттың құрметіне 700-ге тарта тұтқынға рақымшылық жасалады
15 күн бұрын 198 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан шамамен бір жыл бұрын "Құрбан айттың құрметіне 700-ден аса тұтқынға рақымшылық жасалады" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/qurban-aittyn-qurmetine-700-den-asa-tutqynga-raqymshylyq-jasalady-10683/#gsc.tab=0) деген тақырыппен хабар таратыппыз... Біріккен Араб Әмірлігінің билігі ізгілендіру шарасын діни айтулы күндермен байланыстырып, рақымшылық жасауды дәстүрге айналдырған секілді. Олай дейтініміз, биыл да түрлі қылмыс жасап, темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан 700-ге тарта, дәлірегі, 669 тұтқынға рақымшылық жасауға бел буып отыр. Аталған араб елінің президенті Халиф бен Заид әл-Нахайянның пәрменімен. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, айыпталғандардың мойнына ілінген барлық айыппұл мен қарызды кешірді. Осыдан екі ай бұрын өткен Ораза айт кезінде Өзбекстан билігі 575 тұтқынға рақымшылық жасағаны турасында хабарлаған едік. 

0 пікір
Мұрағат