Құранның 200 данасы қоқысқа тасталған
Құранның 200 данасы қоқысқа тасталған
3 жыл бұрын 1443 Дэниэл Хуммель

АҚШ-тың Айдахо штатындағы Покателло қаласының мұсылман жамағаты мен олар мешіт ретінде жалға алған ғимарат қожайынының арасындағы түсінбестіктен қасиетті Құранның 200 данасы қоқыс жәшігіне тасталған болатын. Бұл келеңсіз оқиға жергілікті мұсылмандар басқа көшедегі мешіттің жаңа ғимаратында Құрбан айтты мерекелеп жатқан кезде орын алған еді. Мұсылман жамағаты жаңа мешітке ауысқанымен бұрынғы жалға алған ғимараттан құжаттар мен діни кітаптарды көшіріп үлгермеген болатын. Бұл жайында Idaho State Journal ақпарат көзі хабар таратты. Мұсылмандар Құрбан айтты мерекелеп жатқанда ширек ғасыр, яғни, 25 жыл бойы жергілікті мұсылмандардың құлшылық ететін орнына айналған  ғимараттың қожайыны барлық құжат пен қасиетті Құран кітаптарын қоқысқа лақтырып тастаған екен. «Біз үшін қастерлі нәрсені күресінге шығарып тастағаны – қатты жәбірледі»,- деді Айдахоның оңтүстік-шығыс ислам қоғамдастығының бас хатшысы Дэниель Хуммел.  Ол осы келеңсіздікті аяқсыз қалдырмайтынын айтып, сотқа жүгінетінін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат