Құранды нысанаға алып атуда!
Құранды нысанаға алып атуда!
2 жыл бұрын 1988

Ирактағы коалациялық күштердің командованиесі америкалық сарбаздардың қасиетті Құранды нысанаға алып, жаттығатыны жөніндегі ақпаратты растады. Яғни, күллі адамзатқа түсірілген, исі мұсылманға қастерлі иләһи кітапты нысана ретінде пайдаланған. Полковник Билли Бакнердің «әл-Арабия» телеарнасына берген сұхбатында бұл сорақылыққа қатысты тексеру-тергеу амалдары басталғанын тілге тиек етті. Сасқан үйрек артымен жүзедінің керін келтіріп олар да: «Біз ислам дінін және оның үкімдерін құрметтейміз» деп ақталғансыды. Ирактың ғұламалар ұйымы Ирактың полиция органына оқтан шұрық тесік болған қасиетті Құран даналарын айғақ ретінде ұсынды. 

2 пікір
Мұрағат