Құранды музыкамен оқу наразылық тудырды
Құранды музыкамен оқу наразылық тудырды
9 жыл бұрын 2968

Индонезияның Джакарта университетінің профессоры Мұхаммед Яссир Арафат қасиетті Құранды ұлттық музыкамен оқып, мұсылман жамағатының наразылығына қалды. Нақтырақ айтқанда, аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымы Исра мен Миғраж құрметіне орай өткізілген, Индонезия президенті Джоко Видодоның өзі қатысқан бұл шарада қасиетті Құран аяттарын дәстүрлі ява музыкасымен оқыған. Оның бұл жаңалығын дін істері министрі Лұқман Хакім Сайфуддиннің өзі қолдағанымен мұсылман жамағатының жетекшілері наразылық білдірді. Бұл жайында «OnIslam.net» ақпарат көзі хабар таратты. «Құранда Құранның араб тілінде түсірілгені анық айтылған. Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) айтып кеткендей, оны құрайыштық диалектіде оқу керек», - деді Индонезия ғұламалар кеңесінің бас хатшысының орынбасары Тенку Зұлқарнайын.

0 пікір
Мұрағат