Құрамына резеңке қосылған жасанды күріш пайда болды
Құрамына резеңке қосылған жасанды күріш пайда болды
2 жыл бұрын 1256

Қытайда құрамына резеңке қосылған жасанды күріш пайда болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz порталы "24.kz" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Порталдың мәліметінше, картоп пен жасанды резеңкеден өндірілген күріш Шаньси провинциясының базарларында сатылып жатыр. "Жаңа өнім нағыз күрішке қатты ұқсас", - деп жазады жергілікті басылымдар. Ал сарапшылар жасанды күріштің денсаулыққа өте зиянды екенін ескертті.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, мұндай "дәнді дақылды" тамаққа пайдаланған адам полиэтилен қалтаны жегенмен бірдей болады. Қауіпті өнім туралы жаңалық тарағаннан кейін, бірқатар азиялық басылым бұл күріштің Индонезия, Үндістан мен Вьетнам нарығына да жіберілгені туралы жарыса жазды. Бірақ бұл елдердің билік өкілдері ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Жасанды күрішті қайнатқан кезде күйген пластиктің иісі шығып, ол ешбір жұмсармайды екен.

2 пікір