Құмырсқалар тазалыққа қатты мән береді
Құмырсқалар тазалыққа қатты мән береді
2 жыл бұрын 836

Құмырсқалардың бір тәртіпке бағынып, илеуін таза ұстайтыны бұған дейін де белгілі. Алайда, ғалымдардың соңғы зерттеулерінде олардың илеуінде дәретханаға арналған орын да бар екенін анықтаған.

Доктор Томер Цацкес пен Регенбург университетінің ғалымдары қасиетті Құранда сөз болған құмырсқалардың тіршілігін зерттеп, олардың илеуінің ішкі құрылысына бақылау орнатады. Ғалымдар ғылыми жұмыс барысында құмырсқалардың «дәретхана» бөлмесіне баратынын анықтап, тәнті болады. Жәндіктердің қажеттілік үшін белгілі бір орынға баратынына көз жеткізе түсу үшін ғалымдар арнайы тәжірибе жүргізді. Зертханада ақ гипстен илеу жасап, құмырсқаларды қадағалайды. Оларға көк немесе қызыл түспен боялған қорек береді. Екі айдан соң зерттеушілер әр ұядағы бір немесе екі бұрыштың «қажеттілік» бөлмесіне арналғанын біледі. Ал «Жас Алаш» басылымында жарық көрген дерекке қарағанда, құмырсқалар ешуақытта ұйықтамайды екен.

0 пікір
Мұрағат