«Құдысқа сапар» пәтуасы
«Құдысқа сапар» пәтуасы
10 жыл бұрын 3708

Иордания астанасында өткен «Құдысқа жол» деп аталатын үш күндік конференцияда мұсылман ғалымдары Израил басқыншылары билеп-төстеген осынау тарихи қаладағы қасиетті мешітке әлемнің түкпір-түкпірінен келем деушілерге қатысты пәтуа шығарды.

Бұл пәтуа жөйттер тарапынан «иудаландыру» саясаты жүріп жатқандықтан қабылданып отыр.

Аталмыш пәтуа ең алдымен әлемнің әр елінде өмір сүріп жатқан, азаматтығы өзге палестиналықтар мен мұсылман емес мемлекеттерде тұрып жатқан діндес бауырларымызға қатысты.

Сондай-ақ, Ақса мешітіне келгісі келетіндер мына шарттарды орындауы тиіс:

1. Басқыншылармен қандай да бір қарым-қатынасқа бармауы тиіс;

2. Палестиналықтарды қолдау мақсатында палестиналықтар өндірген тауарларды сатып алуы, палестиналықтардың немесе Құдыстағы арабтардың қызметіне жүгіну;

3. Құдысқа палестиналық немесе иорданиялық туристер тобымен келу;

4. Абзалы, Ақса мешітіне келгісі келетіндер алдымен қажылыққа немесе ұмраға бара жатып, жолай соғу.

0 пікір
Мұрағат