Қолы үлкейіп кеткен баланың диагнозы анықталмай отыр (фото)
Қолы үлкейіп кеткен баланың диагнозы анықталмай отыр (фото)
9 жыл бұрын 4839

Қалым есімді Үндістанның 9 жастағы ұл баласы сирек кездесетін сырқатқа шалдыққаннан оның әр қолы 8 келі салмақ тартады. Ұзындығы алақанның бітетін жерінен ортан терек саусағының ұшына дейін 30 сантиметрді құрайды. Баланың емделуге қаржысы жоқ. Бұл жайында vesti.ru ақпарат көзі хабар таратты. Оның  дерті – туабітті. Жылдан жылға ісік жайылып келеді. Мектепке барудан қорсынып, үйде оқып жүр. Ол, мәселен, бауды байлау, қасық ұстау секілді әрекеттерді әрең жасайды. Баланың әке-шешесі айына бар-жоғы 30 доллар ғана табыс табады. Сол себепті, ұлдарын шетелге қаратуға қаражаты жетпейді. Ал білікті деген тәжірибесі мол жергілікті дәрігерлердің өзі дәрменсіздік танытып отыр. Оның ауруының өзгешелігі соншалық, оны нақты сипаттап айтып бере алмайды. Яғни, диагнозын қоя алмай отыр. Әкесінің айтуынша, баласының  тек екі саусағы ғана икемге келіп, бір нәрсе жасауға ғана шамасы келеді. Өзге саусақтары бүгілмейді.  Десе де, дәрігерлер баланың денсаулығында, қолын есептемегенде, қандай да бір ақау жоқтығын айтып отыр. Алайда, уақыт өте келе алақанындағы ісік ішкі ағзалары мен жүрекке шабады ма деп қауіптеніп отыр. Кейбір дәрігерлердің сөзіне қарағанда бала лимфангиомамен сырқаттанады. Қатері жоқ ісікті осылай атайды, ол дененің әр жерінде пайда болуы мүмкін. Бұл ауруды емдеп жазуға болады. Тек қысқа жіп күрмеуге келмейді. Бала мен оның ата-анасының бар үміті қайырымдылық қорларында.

Kaleem India hands, Калим Кэлим гигантские руки

1 пікір
Мұрағат