Қоғамдық орындарда пышақ алып жүруге тыйым салынуы мүмкін
Қоғамдық орындарда пышақ алып жүруге тыйым салынуы мүмкін
4 жыл бұрын 2312 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нидерландының Фрисландия провинциясындағы Смаллингерланд қоғамының бургомистері Ян Райпстра (Jan Rijpstra) қоғамдық орындарда адамдарға өзімен бірге пышақ алып жүруге тыйым салуды ұсынды. Оның мұндай ұсыныс жасауына таяуда, дәлірегі, осыдан екі апта бұрын орын алған жергілікті жасөспірімнің басындағы жағдай түрткі болған. Бұл жайында орыстардың regnum.ru ақпарат көзі хабар таратты. Ян Райпстра мұндай тыйымды енгізудің құқыққа қайшы келуі мүмкін екенін алға тартқанымен ел аумағындағы қолданыстағы заң бургомистрлерге қоғамның қауіпсіздігі үшін осындай шараларға баруға мұрсат беретінін алға тартып отыр. Сол себепті, өзінің құзыретін пайдалануды құп көріп отыр. Сондай-ақ, ол әділет министрлігімен бірге ел парламентінің қоғамдық орындарды пышақ алып жүруге жаппай тыйым салудың мүмкіндігін қарастыруы үшін әрекет ететінін жеткізді. Бүгінде аталған ел аумағында стилет секілді пышақтың бірнеше түрін өзімен бірге алып жүруге тыйым салынған. Десе де бүктелетін пышақ атанған, жүзі бар, ұзындығы 28 сантиметрден аспайтын бәкіні алып жүруге рұқсат етілген. Осы орайда аңшылыққа, т.б. қатысты пышақтардан бөлек, ұзындығы мен қалыңдығы, т.б. мемлекет белгілеген стандарттардан асып кеткен тұрмыстық пышақтар да суық қаруға жатқызылады. Сонымен қатар, пышақ жүзінің екі бүйірінде ойық болса (адамға сұққанда қанды сыртқа жібермей ішке кетуіне, осылайша кісі өліміне себепші болуы мүмкін) пышақтарды қоғамдық орындарда алып жүруге тыйым салынған. Әлемнің көптеген елдерінде.

0 пікір
Мұрағат