Қоғамдық көлікті тегін қылатын әлемдегі тұңғыш ел
Қоғамдық көлікті тегін қылатын әлемдегі тұңғыш ел
5 жыл бұрын 2282 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Люксембургте 2020 жылдың наурыз айының 1-нен бастап, қоғамдық көлік түрлерінің барлық түрлері, соның ішінде теміржол, автобус, трамваймен  жол жүру тегін болмақ. Бұл жайында Deutsche Welle ақпарат көзі аталмыш елдің қоғамдық көлік жөніндегі министр Франсуа Баушқа сілтеме жасай отырып хабар таратты. Люксембург билігі осылайша қоғамдық ортаға зияны көп автокөлік ағынын азайтуды әрі кептеліс мәселесін шешуді көздеп отыр. Жыл сайын көршілес елдерден, атап айтқанда, Германиядан, Белгиядан, Франциядан Люксембурге 200 мыңға тарта адам жұмысқа келеді. Қазірдің өзінде Люксембург билігі қоғамдық көліктің жолақасының 90 пайыз шығынын көтеріп отыр. Қоғамдық көлікті тегін ету жылына 40 млн еуро шығынды қажет етеді. 

0 пікір
Мұрағат