Қимас адамның иісін сағынбас үшін жаңа иіссу жасалды
Қимас адамның иісін сағынбас үшін жаңа иіссу жасалды
9 жыл бұрын 3328

Катя Апалатеги есімді әйел Францияның Гавра университеті ғалымдарымен бірлесе отырып, ерекше иіссу түрін ойлап тапқан. Бұл жайында nur.kz сайты Inquisitr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Иіссу жаңа технология арқылы қайтыс болған жақын, қимас адамның өзіне тән иісінен дайындалады. Бұған дейін адамның өзіндік иісін өзге затқа сіңіру арқылы ғылыми жаңалық ашқан ЖОО ғалымдары жаңа иіссудың нақты технологиясы туралы “құпияны” ашпай отыр.

Тек, белгілі болғаны – иіссуды дайындауға қайтыс болған адамның тері сіңген киімі, көйлегі болса, жетерлік. Өйткені, адамның өзіне тән иісін олар киімнен алатын жүздеген молекулалар арқылы қалыптастырмақ. Бір өнімді дайындауға төрт күн уақыт керек. Иіссу құны – 600 доллар.

Әкесінің өлімінен кейін оның иісін сағынғаннан ғылыми жаңалықты сауда айналымына енгізген Катя иіссу қайтыс болған адамды еске түсіріп, сағыныштың мауқын басуға көмектесетінін айтып отыр. 

0 пікір
Мұрағат