Қазақстандықтардың 86%-ы дін саласындағы мемлекеттің саясатын қолдайды
Қазақстандықтардың 86%-ы дін саласындағы мемлекеттің саясатын қолдайды
10 жыл бұрын 2944

Қазақстандықтардың 86 пайызының дін саласындағы мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын қолдайтынын хабарлады Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин. Аталмыш комитет басшысының айтуынша, еліміздегі діни ахуалы тұрақты. Мемлекеттік-конфессионалдық және дінаралық қатынас жүйелі түрде дамып келеді. «ҚР дін істері жөніндегі агенттігінің жүргізген сауалнамасының нәтижесі бойынша өткен жылы сұралған 90 пайызға жуық тұрғындар елдегі діни ахуалға оң баға берді, ал дін саласындағы мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын ел тұрғындарының 86 пайызы қолдаған», – деді ол. Бүгінгі таңда еліміздің аумағында 3483 діни субьекті әрекет етеді. 

0 пікір
Мұрағат