Қазақстан Пәкістандағы терроризмді ұйымдастырғандарды айыптады
Қазақстан Пәкістандағы терроризмді ұйымдастырғандарды айыптады
9 жыл бұрын 2814

Қазақстан билігі мен халқы үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 16-ы күні орын алған Пәкістанның Пешавар қаласында орын алған террорлық актіні ұйымдастырғандарды айыптады. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Бұл теракті кезінде жүзден аса бейбіт тұрғын қаза тапты. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде осы терактіден қаза тапқандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтылған. Қазақстан халқы осы терактіде балалардың қыршынынан қиылғанына ерекше алаңдаушылық білдіреді. Содырлардың қолынан қаза тапқан 130 адамның 100-і балалар. Осы қасіретке байланысты Пәкістан халқы үш күн аза тұтады.

0 пікір
Мұрағат