Қазақстан Мысырды азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылуға шақырды
Қазақстан Мысырды азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылуға шақырды
9 жыл бұрын 2381

Мысыр астанасында Қазақстан-Мысыр кеңесінің алтыншы кезеңінде саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, т.б. салалар бойынша екі жақты ынтымақтастықтық мәселелер талқыланды. Қазақстан Республикасы тарапынан келіссөзді Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусин, ал пирамидалар елінен СІМ министрінің көмекшісі Иасер Морад жүргізді. Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметі хабар таратты. Сондай-ақ, бұл кездесу барысында екі ел өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатура болғанда өзара қолдау көрсетуге уағдаласты. Бұған қоса, Қазақстан тарапы Мысырдың штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан Ислам ынтымақтастық ұйымының аясындағы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру туралы бастамаға қолдау білдіруге шақырды. Артынан Асқар Мусин Каир қаласында Ежелгі мұралар жөніндегі жоғарғы кеңестің бас хатшысы Мұстафа Аминмен кездесіп, екі ел арасындағы мәдени байланыстың маңызды дәнекері болып табылатын Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстарының барысын сөз етті.  

0 пікір
Мұрағат