Қазақ әфсанасы расқа айналды
Қазақ әфсанасы расқа айналды
2 жыл бұрын 2889

Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, қазақ әфсанасы расқа айналды. «Жыланды үш кессең де кесірткелік әлі бар» деген. Бұрын үлкендер жылан өлтірсек, денесін әлденеше бөлікке бөлдіріп, бөлек көмідіретін.

Қытайдың оңтүстігінде жаға ұстатар жағдай орын алды: аспазшыны өлі жылан шағып алған. Қытайда жылан етінен таңсық ас дайындайтын аспазшылар ендігі жерде жорғалаушылардың осынау түрінің өлі денесін де абайлап қолданатын болды. Біз сөз еткен аспазшы кобраның басын кесу үшін жиырма минутын сарп еткен екен. Тарқатып әрі нақтырақ айтқанда, Фошан қаласының Пенг Фан есімді бас аспазшысы кобра етінен тағам түрлерін дайындайтын. Әдеттегіше ол кобраның басын кесіп, бөлек қояды да етін боршалауға кіріседі. Жарты сағаттан кейін ол жыланның басын қоқысқа тастау үшін қолын созады. Сол кезде денесінен бөлініп қалған кобраның басы адамға шабады. Аспазшы жедел жәрдем келіп жеткенше жан тапсырады. Осы арада айта кету керек, денесінен бөлініп қалған жыланның басы бір сағаттай уақыт жыбырлап жатуы мүмкін, алайда, адамға шабатыны сирек кездесетін оқиға. «Жыланды үш кессең де кесірткелік әлі бар» деген ата-баба сөзінің жаны бар.

 

2 пікір