Қазан көшелерінде «рамазан такси» пайда болады
Қазан көшелерінде «рамазан такси» пайда болады
9 жыл бұрын 3364 muslim.kz

Қасиетті рамазан айында Қазан қаласындағы «Ярдем» мешіті «рамазан такси» атты акция өткізуді қолға алып отыр. Акция рамазан айымен бірге 18-маусым басталады.

Аталмыш акцияның мақсаты – қарт және мүгедек жандарды ауызашар мен тарауих намаздарынан соң үйлеріне жеткізіп салуға арналған. «Ярдем» мешіті рамазан айы бойы ауызашар дастарханын ұйымдастыратын болғандықтан, оған келетін қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға осылайша жәрдем беруді жөн көріп отыр.

Акция үйлестірушісі – «Ярдем» мешітінің имамы Рамиль Ибрагимовтың айтуынша, акцияға кез келген автокөлік жүргізушісі қатыса алады. Қазіргі уақытта қасиетті айда сауапқа кенелгісі келген 10 адам кезекке тұрып қойған көрінеді.

Айта кетейік, бұндай акция Қазан қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

0 пікір
Мұрағат