Қасиетті мешіттің тастары сатылып жатыр
Қасиетті мешіттің тастары сатылып жатыр
9 жыл бұрын 3259

Сауд Арабиясының қара базарында нұрлы Мекке мен Мәдина шаһарларындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан қасиетті мешіттерге қаланған тастың сынықтары сатылып жатыр. Мұндай жәдігерлерді бағасы шарықтап тұрғанына қарамастан сатып алушылардың қарасы көп. Бір тастың құны – 40 000 доллар. Исламның қасиетті екі құлшылық үйіне қамқор уақыптар баспасөз қызметінің хатшысы бұл келеңсіздікпен күрес жүргізіліп жатқанын жеткізді. Барлық тас сынықтары арнайы каталогқа салынуда. Олардың кейбіреуін арнайы мамандандырылған сәулет көрмесінен тамашалауға болады. Полицияның мәліметіне қарағанда тас сынықтарын шетелдік жалдамалы жұмысшылар ұрлаған көрінеді. 

0 пікір
Мұрағат