Қарызы барларды қажылыққа бару мүмкіндігінен айырды
Қарызы барларды қажылыққа бару мүмкіндігінен айырды
7 жыл бұрын 2881 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда коммуналдық қарызы барлар қасиетті сапарға аттана алмайтын болды енді. Бұл жайында Ташкент шаһарының бас имам-хатыбы әнуар Тұрсынов мәлім етті. Оның айтуынша, қарызы барлар қажылылққа бара алмайды, өйткені, қарызда қайтармау дінімізде күнәлардың бірі болып табылады. "Мұндай адамның қажылығы қабылданбайды,- деп кесіп айтты ол. - Біз ондай адамдарды ұшақты маңына да жолатпауымыз керек. Біз судың әр тамшысы үшін Алла алдында жауап береміз. Мұны әрбір мұсылман түсінуі тиіс",- деген ол мұсылмандарды судың, газдың және электр энергиясы бойынша жинақталып қалған қарызды төлеуге шақырды. Айта кетейік, аталған елде жеке және заңды тұлғалардың газ мен электр энергиясын тұтынғаны үшін жинақталған қаржының мөлшері жаға ұстатады: 1,25 млрд долларға жеткен. 

0 пікір
Мұрағат