Қару экспорттаудан алдыңғы орыннан көрінген 15 ел
Қару экспорттаудан алдыңғы орыннан көрінген 15 ел
5 жыл бұрын 2137 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұрын да айтып өткеніміздей, әлемде қару, есірткі және адам саудасы ең ірі табыс көзіне жатқызылады. Әдетте аталған сауда түрлерінен түсетін нақты пайданың мөлшері қандай және мұндай сауданы кімдер жүргізіп отырғаны туралы нақты ақпараттар жұтаң немесе бұрмаланған. Десе де кей ақпарат көздерінде қару саудасының есірткі мен адам саудасына қатысты ақпараттарға қарағанда ашық беріледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қару-жарақ экспорттаудан АҚШ көш бастап тұр - 37,184 млрд. долл. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда көп: 2017 жылы - 36,231 млрд. долл.). Яғни, өткен жылы АҚШ-тың қару экспорты әлемдік қару экспортына шаққанда салыстырғанда 41,8%-ды құраған. Яғни, қару экспортының жартысына жуығы АҚШ-тың еншісінде. Ал екінші орыннан Ресей көрінген: 14,580 млрд. долл. Немесе әлемдік қару экспортына шаққанда - 10,6%. Үшінші орынға Франция жайғасқан, т.б. осылай тізіліп кетеді.

Төменде 2018 жылдың қорытындысы бойынша қару экспорттаудан алдыңғы қатардан көрінген он бес ел:

1 орын - АҚШ - 37,184

2 орын - Ресей - 14,58

3 орын - Франция - 9,411

4 орын - Испания - 3,38

5 орын - Израиль - 3,266

6 орын - Ұлыбритания - 3,114

7 орын - Германия - 2,508

8 орын - Италия - 2,093

9 орын - Оңтүстік Корея - 1,937

10 орын - Қытай - 1,335

11 орын - Австралия - 1,293

12 орын - Түркия - 1,288

13 орын - Швеция - 1,197

14 орын - Канада – 0,957

15 орын - Швейцария – 0,913

0 пікір
Мұрағат