Қажылыққа жекменшік ұшақпен баруға тыйым салынды
Қажылыққа жекменшік ұшақпен баруға тыйым салынды
6 жыл бұрын 2810 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан билігі елдегі мұсылмандардың таңдау еркіне шектеу қойды. Яғни, қасиетті сапарға жекеменшік компаниялардың ұшағымен ұшуға тыйым салып отыр. «Озодлик» ақпарат көзіне Өзбекстан үкіметі жанындағы дін істері жөніндегі комитет өкілдері мен турфирма мамандары хабарлағандай, аталмыш тыйымды Өзбекстан Мұсылмандар діни басқармасы салып отыр. Ал аталған басқарма мұны қажылыққа квотаның аз бөлінуімен түсіндіріп отыр: дәлірегі, "Қажылық" пен Ұмра" шараларын ұйымдастыру әрі өткізу жөніндегі ережеге сілтеме жасап отыр. Нақтырақ айтқанда, өзбектер кіші қажылыққа жылына тек бір-ақ рет бара алады. Ережеде қарастырылған талапқа сәйкес. Егер өзбек азаматтары ұмраға жекеменшік компаниялардың қызметін пайдаланып, кез келген уақытта бара берсе, бұл ережені бұзады. 

0 пікір
Мұрағат