Қажыларға арналған «ақылды» карта пайда болды
Қажыларға арналған «ақылды» карта пайда болды
5 жыл бұрын 2735 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қажылық тарихында тұңғыш рет жоғары технологиялы электронды карта берілетін болды. Қажылық парызды орындауға көп көмектесетін аталмыш жобаны Саудияның қажылық және ұмра министрлігі жүзеге асырады. Электронды картада қажының жеке басының мәліметтері, денсаулығы туралы ақпарат, орналасқан орны мен қажылық рәсімдерін орындаған уақытына қатысты дерек сақталады. Бұдан бөлек, адам қарасы көп жиналған жерде қажыны қаптаған қалың нөпір арасында электронды карта арқылы тауып алуға көмектеседі. Бұл жайында саудиялық Аsharq Al-Awsat ақпарат агенттігі хабарлады. Мұндай карта әзірге 25 мың қажыға ғана берілетінін ескерте кету керек. Аталмыш елдің қажылық және ұмра министрлігінің жоспарлау жөніндегі бас маманы Амр әл-Мадда электронды картаның шектеулі болуына алдымен оның қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізіп алумен байланысты екенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат